Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ә.Л. Шалабекованың төрағалығымен Мемлекет басшысының Маңғыстау облысында балық шаруашылығын дамыту мәселелері жөніндегі тапсырмасын іске асыру барысы туралы кеңес өткізілді.

Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ә.Л. Шалабекованың төрағалығымен Мемлекет басшысының Маңғыстау облысында балық шаруашылығын дамыту мәселелері жөніндегі тапсырмасын іске асыру барысы туралы кеңес өткізілді.
▪️2022 жылғы 30 қыркүйекте Маңғыстау облысында Ақтау қаласында Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ә.Л. Шалабекованың төрағалығымен Мемлекет басшысының өңірдегі балық шаруашылығын дамыту мәселелері жөніндегі тапсырмасын іске асыру барысы туралы кеңес өткізілді.
▪️Кеңеске балық шаруашылығын дамыту жөніндегі уәкілетті органның, Маңғыстау облысы әкімдігінің, “Балық шаруашылықтары қауымдастығы-BD" ЗТБ, балық шаруашылығы субъектілерінің және әлеуетті инвесторлардың өкілдері қатысты.
◾️Кеңес барысында Балық шаруашылығы комитетінің төрағасы Н.Т. Жүнісов қатысушыларды балық шаруашылығын мемлекеттік қолдау шаралары, сондай-ақ балық шаруашылығы субъектілері үшін жасалған қолайлы жағдайлар және заңнаманы жетілдіру туралы хабардар етті.
▪️Сондай-ақ, Маңғыстау облысының Балық шаруашылығы басқармасының басшысы А.Б. Молдашев балық шаруашылығы саласындағы инвестициялық жобаларды ілгерілету барысы туралы баяндады.
▪️Кеңестің барлық қатысушылары оларды одан әрі шешу үшін Министрліктің бақылауына алынған проблемалық мәселелерді талқылады.
▪️Сонымен қатар, вице-министр жұмыс істеп тұрған балық өсіру шаруашылықтарының жұмысымен танысты, сондай-ақ балық өсіру бойынша инвестициялық жобаларды іске асыру орындарына барды.
▪️Айта кету керек, Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі облыс әкімдіктерімен бірлесіп балық шаруашылығы саласында іске асырылып жатқан және жоспарланып отырған инвестициялық жобаларды үйлестіру және мониторингтеу бойынша тұрақты негізде жұмыстар жүргізуде.