ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 20 қыркүйектегі № 619 бұйрығымен келесі бұйрықтарға өзгерістер енгізілді:
1) «Табиғи мекендеу ортасынан алынған бекіре тұқымдас балықтарды және олардың уылдырығын мемлекеттік монополия субъектісі болып табылатын мемлекеттік кәсіпорынның өткізу қағидаларын бекіту туралы» ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 ақпандағы № 18-05/138 бұйрығына субъектінің өнімді өткізу кезінде сатып алушыға өнімнің талаптарға сәйкестігін растау туралы ақпаратты және ветеринариялық құжаттарды беру қағидаларын және олардың бланкілеріне қойылатын талаптарға сәйкес, ветеринариялық сертификатты талап етуі бойынша тұтынушыға ұсыну бөлігінде.
2) «Аңшылық және балық шаруашылықтары субъектілерін дамыту жоспарының үлгілік нысанын бекіту туралы» ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 18-04/287 бұйрығына, балық шаруашылығы субъектілеріне жергілікті жағалау маңындағы аудандарда тұратын ҚР азаматтарына жұмыс орындарын құру, сондай-ақ, балықтандыру жоспарына, бірақ елу пайыздан аспайтын құтқарылған балық шабақтарының бір бөлігін балықтандыруға қосу бөлігінде.
3) «Жануарларды интродукциялау, реинтродукциялау және будандастыру қағидаларын бекіту туралы» ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 13 мамырдағы № 18-2/434 бұйрығына жануарлар түрлерін интродукциялау, реинтродукциялау және будандастыру, жануарларды ҚР әкелу және ҚР әкету ҚР Экологиялық кодексіне сәйкес жүзеге асыру бөлігінде.
4) «Аңшылық және балық шаруашылықтары субъектілерінің қорықшылық қызметі туралы үлгілік ережені бекіту туралы» ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 26 маусымдағы № 18-03/578 бұйрығына әкімшілік құқық бұзушылықтарды есепке алу журналын алып тастау бөлігінде.