Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 15 қыркүйектегі № 614 бұйрығымен «Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды бекіту туралы» ҚР Қоршаған орта және су ресурстары министрінің м.а. 2013 жылғы 29 қарашадағы № 363-Ө бұйрығына балық ресурстарын пайдаланушылардың Балық шаруашылығы комитетінің аумақтық бөлімшелеріне ұсынатын есептілік нысандарды қысқарту және оңтайландыруға қатысты тиісті өзгертулер мен толықтырулар енгізілді.
Осылайша, 2 бш, 3 бш, 7 бш нысандарында есептік деректерді ұсыну кезеңділігі өзгертілді:
- 2 бш есебінде (Балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін қорғауды жүзеге асыратын жануарлар дүниесiн пайдаланушылардың қорықшылық қызметтерінің жұмысы туралы мәліметтер) кезеңділігі тоқсаннан жылдық мерзімдіге өзгертілді;
- 3 бш есебінде (Пайдаланушылардың балық шаруашылығын дамыту үшін ағымдағы жылға жоспарланған қаражат көлемдерін орындауы туралы мәліметтер) кезеңділігі тоқсаннан жылдық мерзімдіге өзгертілді;
- 7 бш есебінде (Пайдаланушыларды материалдық-техникалық жарақтандыру туралы мәліметтер) кезеңділік жарты жылдықтан бір жылға өзгертілді.
4 бш нысаны (Балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп берудің бүкіл кезеңіне балық шаруашылығын дамыту үшін пайдаланушылардың қаржы қаражатының жоспарланатын көлемі туралы мәліметтер) алынып тасталды.