«Күтім» балығын Қазақстан Республикасының қызыл кітабынан алып тастау туралы

«Күтім» балығын Қазақстан Республикасының қызыл кітабынан алып тастау туралы
2022 жылғы 16 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен «күтім» балығы сирек және құрып кету қаупі төнген жануарлар түрлерінің тізбесінен алынып тасталды.
Бұл Каспий теңізінің қазақстандық секторында кәсіпшілік балық түрлерінің түрлік құрамын кеңейтуге мүмкіндік береді және Каспий маңы өңірлерінде балық шаруашылығын одан әрі дамытуға ықпал ететін болады.
Үкімет қаулысы zan.gov.kz. сайтында алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енеді.