Мемлекеттік тапсырыс шеңберінде Солтүстік Қазақстан облысының су айдындарына балық шабақтарын жіберу жұмыстары жүргізілуде

Мемлекеттік тапсырыс шеңберінде Солтүстік Қазақстан облысының су айдындарына балық шабақтарын жіберу жұмыстары жүргізілуде
2022 жылғы 12 қыркүйекте мемлекеттік кәсіпорын – Петропавл балық питомнигі Петропавл су қоймасына орташа салмағы 13 грамм 470 мың дана біржазғы тұқы шабақтарын жіберді. Осы аптаның соңына дейін Сергеев су қоймасында тағы 600 мың дана тұқы шабақтары жіберілетін болады.
Сонымен қатар, ағымдағы жылдың қыркүйек және қазан айларында Кіші Арал теңізін, Сырдария және Есіл өзендерін, Балқаш және Зайсан көлдерін, сондай-ақ Қапшағай және Шардара су қоймаларын балықтандыру жоспарлануда.