Азаматтар мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері мемлекеттік тапсырыс шеңберінде су айдындарына балық жіберу процесіне қатыса алады

Азаматтар мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері мемлекеттік тапсырыс шеңберінде су айдындарына балық жіберу процесіне қатыса алады

🔹2022 жылғы 25 тамызда Су айдындарына балық жіберу, су объектілерін балық шаруашылық мелиорациялау жөніндегі жұмыстарды жүргізу қағидаларына тиісті өзгерістер енгізілді.

🔹Енді мемлекеттік тапсырыс шеңберінде су айдындарын балықтандыру жөніндегі жұмыстардың ашықтығы мен айқындығы мақсатында мемлекеттік балық өсіру кәсіпорындары, жеке және заңды тұлғалар олар басталардан кемінде екі жұмыс күні бұрын азаматтар мен қоғамдық ұйымдардың өкілдерін шақыруға міндетті.