Заң жобалау қызметі мәселелері бойынша ведомствоаралық комиссия “Акваөсіру туралы" заң жобасы тұжырымдамасының жобасын мақұлдады

Заң жобалау қызметі мәселелері бойынша ведомствоаралық комиссия “Акваөсіру туралы" заң жобасы тұжырымдамасының жобасын мақұлдады

🟦 2022 жылғы 2 қыркүйекте ҚР Үкіметі жанындағы заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында "Акваөсіру туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне акваөсіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы"заң жобаларының тұжырымдамалары қаралды.

🟦 Отырыс барысында Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ә.Л. Шалабекова Балық шаруашылығын дамытудың 2030 жылға дейінгі бағдарламасын іске асыру үшін әзірленген арнайы заңның негізгі мақсаттары мен міндеттері, сондай-ақ Қазақстанда акваөсірудің даму перспективалары туралы баяндады.

🟦 Вице-министр жаңа заңның қабылдануы акваөсіру саласындағы қатынастарды реттеу мақсатында нормативтік-құқықтық негізді қалыптастыруға және бизнес үшін қолайлы жағдай жасау және салаға инвестициялар тарту үшін мемлекеттік қолдау шараларының жаңа құралдарын енгізуге мүмкіндік беретінін атап өтті.

🟦 Қарау және талқылау қорытындысы бойынша тұжырымдамалардың жобаларын ведомствоаралық комиссия мақұлдады.

🟦 Бұдан әрі заңнамада белгіленген тәртіппен заң жобаларын әзірлеуді ҚР Үкіметінің 2023 жылға арналған заң жобалау қызметінің жоспарына енгізу жоспарлануда.