🔴2022 жылғы 2-ші қыркүйекте мемлекеттік органдардың өзара әрекеттесу іс-қимыл схемасына сәйкес, жұмыс тобы Атырау облысы, Жылыой ауданындағы «Жилая коса» аумағына балықтардың қырылу орнына барды.
🔵Жұмыс тобының құрамына Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының, жергілікті атқарушы органның, Атырау облысы Экология департаментінің, Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының, Жылыой ауданы бойынша ветеринария қызметінің, «Балық шаруашылықтардың қауымдастығы-BD» ЗТБ өкілдері кірді. Бұқаралық ақпарат құралдарының атынан «Caspian news» телеарнасы қатысты.
🟢Жұмыс тобы балықтардың қырылу жеріне жеткенде 9 шақырымдай аумақты су басып кеткені (тереңдігі 20 см) белгілі болды.
🟣Атырау облысы Экология департаментімен су және топырақ сынамалары алынды. Қырылған балықтың денелерінің ыдырауына байланысты, ветеринария қызметімен тиісті сараптама жасауға сынамалар алынған жоқ.
⚫️Осыған дейін айтылғандай, 2022 жылғы 18-23 тамыз аралығында Каспий теңізінде желқуалау құбылыстары байқалды, яғни су 5 км-ден 25 км-ге дейін шегінді және су массаларының күрт ығысуы кезінде балық аз су көлемімен ойыста қалып, қырылды.
🟤Балық қырылған аймақты тазалау мүмкіншілігі жоқ, себебі аталған жер батпақты, арнайы техника аталған жерге келе алмайды.
🟠Сараптама нәтижелері қосымша хабарланатын болады.