Ә.Л. Шалабекованың төрағалығымен Балық шаруашылығы комитетінің алқа отырысы өтті

Ә.Л. Шалабекованың төрағалығымен Балық шаруашылығы комитетінің алқа отырысы өтті

Ағымдағы жылдың 3 тамызында Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ә.Л. Шалабекованың төрағалығымен Балық шаруашылығы комитетінің алқа отырысы өтті. Алқа отырысына Комитет басшылығы, аумақтық бөлімшелердің басшылары және балық шаруашылығына жетекшілік ететін облыс әкімдіктеріне қарасты басқарма басшылары қатысты. Алқа отырысында аумақтық бөлімшелердің 2022 жылдың 1 жарты жылдығында атқарған жұмыстары туралы есептері тыңдалды. Аумақтық бөлімшелер басшылары облыстарда Балық шаруашылығын дамыту бағдарламасының орындалу барысы туралы, бақылау-инспекциялық қызмет және балық аулауды реттеу бойынша баяндады. Сондай-ақ, алқа отырысында проблемалық мәселелер мен оларды шешу жолдары талқыланып, қорытындысы бойынша нақты тапсырмалар берілді.