Атырауда мемлекеттік балық инспекторлары бекіре балықтарын заңсыз аулағандардың жолын кесті

Атырауда мемлекеттік балық инспекторлары бекіре балықтарын заңсыз аулағандардың жолын кесті

2022 жылғы 25 маусымда сағат 03.00-де ҚР ЭГТРМ Балық шаруашылығы комитетінің Жайық-Каспий облысаралық балық шаруашылығы бассейндік инспекциясының қызметкерлері Жайық өзенінде рейдтік іс-шараларды өткізу кезінде «Ямаха-200» екі аспалы моторы бар, таным нөмірі жоқ «Байда» типті шағын көлемді қайықты байқады, ол Каспий теңізінен қала бағыты бойынша жоғары жылдамдықпен жүріп бара жатқан.

Мемлекеттік инспекторлардың талабына қайық тоқтамаған.

Дамбы ауданында қайық жағаға қарай тоқтап, кейін одан белгісіз үш адам бой тасалап кетті.

Оқиға орнына полиция қызметкерлерінің жедел-тергеу тобы шақырылып, тергеу амалдарын жүргізілді.

Жүзу құралын тексеру нәтижесінде жалпы салмағы 533,95 кг бекіре тұқымдас балықтар мен навигациялық құрал табылды.

Аталған факт ҚР ҚК 339-бабы белгілері бойынша СДТБТ                         № 222311031000529 тіркелді, құқық қорғау органдары сотқа дейінгі тергеп-тексеруді және кінәлі адамдарды анықтау бойынша іс-шараларды жүргізуде.