Әлеуметтік желілерде жарияланған балық шаруашылығы объектілерін құруға инвестициялық субсидия алынып тасталғаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды

Әлеуметтік желілерде жарияланған балық шаруашылығы объектілерін құруға инвестициялық субсидия алынып тасталғаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды

Әлеуметтік желілерде жарияланған балық шаруашылығы объектілерін құруға инвестициялық субсидия алынып тасталғаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды.

​2021 жылдың соңында инвестициялық салымдар кезінде балық шаруашылығы субъектілері шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау қағидаларын бекіту құзыреті Ауыл шаруашылығы министрлігінен Экология министрлігіне берілді.

​Сондықтан Экология министрлігі субсидиялаудың жаңа ережелерін әзірледі, олар республикалық бюджет комиссиясының мақұлдауынан және мүдделі мемлекеттік органдармен келісуден кейін 2022 жылғы маусымда бекітілді (ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 14 маусымдағы № 219 бұйрығы).

​Жаңа қағидаларға сәйкес, инвестициялық салымдар кезінде мемлекеттік қолдау шараларын алуға балық шаруашылығы субъектілерінің мүмкіндіктері керісінше кеңейтілді.

​Мәселен, егер бұрын бизнес субъектілерінде көл-тауарлы балық өсіру шаруашылықтары үшін жабдықтар мен техниканы сатып алуға, сондай-ақ УЗВ немесе шарбақтық желіні қолдана отырып, балық өсіру объектісін құруға немесе кеңейтуге инвестициялық шығындарды өтеуге субсидиялар алу мүмкіндігі болса, онда жаңа қағидалар бойынша тоған шаруашылығын, балық питомниктерін, балық жемін өндіру жөніндегі зауытты (цехты) балық және балық өңдеу объектілерін құруға немесе кеңейтуге арналған инвестициялық шығындар қосымша субсидияланатын болады.

​Сонымен қатар, Экология министрлігіне акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды, сондай-ақ асыл тұқымды балық шаруашылығын дамытуды субсидиялау қағидаларын бекіту құзыреті берілді.

​Тиісті қағидалар ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 24 мамырдағы № 180 бұйрығымен бекітілген.

Бүгінгі таңда балық шаруашылығын дамытудың 2030 жылға дейінгі үкіметтік бағдарламасы іске асырылуда, оған сәйкес уәкілетті орган жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, заңнаманы және мемлекеттік қолдау тетіктерін жетілдіру, әкімшілік кедергілерді жою, сондай-ақ саланың проблемалық мәселелерін шешу жолымен бизнес үшін қолайлы жағдайлар жасау бойынша одан әрі шаралар қабылдайтын болады.