Балық шаруашылығы комитетінің төрағасы Нариман Талғатұлы Жүнісов мемлекеттік қызметшілер күнімен құттықтайды

Балық шаруашылығы комитетінің төрағасы Нариман Талғатұлы Жүнісов мемлекеттік қызметшілер күнімен құттықтайды

Құрметті әріптестер!

 

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Мемлекеттік қызметшілер күнімен құттықтаймын!

Мемлекеттік қызмет қоғам мүдделеріне адалдық танытуды міндеттейді, себебі мемлекеттік қызметшілер өз міндеттері мен функцияларын заңдарға сәйкес барлық адал ниетімен құзыретті және тиімді түрде орындайды деп есептейміз.

Мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады.

Осыған орай, еліміздің балық саласын одан әрі дамытуға және мемлекеттік басқару жүйесін нығайтуға бағыттылған жұмыста баршаңызға табыс тілеймін.

 

Ізгі ниетпен Нариман Жүнісов,

ҚР ЭГТРМ Балық шаруашылығы комитетінің төрағасы