ҚР ЭГТРМ Балық шаруашылығы комитеті мен «Балық Мектеп» ЖШС және «ТМТ GROUP» ЖШС арасында акваөсіруді дамыту бойынша Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

ҚР ЭГТРМ Балық шаруашылығы комитеті мен «Балық Мектеп» ЖШС және «ТМТ GROUP» ЖШС арасында акваөсіруді дамыту бойынша Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды
Маңызды құжатта тараптар акваөсіруді дамытуды көздейді. Атап айтқанда балық шаруашылығы саласына мамандар бірлесе даярланатын болады. Мұндай ынтымақтастық акваөсіруді дамытуға және балық өсіру шаруашылықтарының санын арттыруға ықпал етеді.
Сондай-ақ, тараптар қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және тәжірибе алмасу да жүзеге асатын болады. Балық өсіру бойынша оқу-практикалық семинарлар, тренингтер бірлесе ұйымдастырылады.
Бұдан бөлек, әлеуетті инвесторлар арасында балық өсіру бағытының тартымдылығы туралы, сондай-ақ мемлекет тарапынан балық өсіруді дамыту үшін жасалған және жасалатын жағдайлар туралы түсіндірме жұмыстары бірлесе жүргізіледі. Сонымен қатар, тараптар акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) саласындағы нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын талқылауға және әзірлеуге қатысады.