Бұқтырма су қоймасының резервтегі учаскесіне конкурс өткізу туралы

Бұқтырма су қоймасының резервтегі учаскесіне конкурс өткізу туралы
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті 2022 жылғы 18 мамырда Нұр-Сұлтан қ. уақытымен сағат 10.00-де Бұқтырма су қоймасының резервтік учаскесін бекіту бойынша конкурс өтетінін хабарлайды.
Конкурс ҚР АШМ 2015 жылғы 19 наурыздағы № 18-04/425 бұйрығымен бекітілген Балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру жөніндегі конкурсты өткізу қағидаларына (бұдан әрі – қағидалар) сәйкес өткізілетін болады.
Конкурсқа Бұқтырма су қоймасының резервтегі № 13.1 учаскесі қойылады, конкурсқа қатысушының кепілдік жарнасы 13 783,5 теңгені, ал учаскенің бастапқы бағасы 91 890,0 теңгені құрайды.
Конкурсқа шығарылатын су айдыны тор қоршамада балық өсіру шаруашылығын жүргізу мақсатында 20 жыл мерзімге бекітілетін болады.
Конкурсқа қатысу үшін алдын ала веб-порталда тіркелу қажет (www.gosreestr.kz):
1) жеке тұлғалар үшін:
жеке сәйкестендіру нөмірі, тегі, аты және әкесінің аты (бар болса);
2) заңды тұлғалар үшін:
бизнес-сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның толық атауы, Бірінші басшының тегі, аты және әкесінің аты (бар болса);
3) кепілдік жарнаны қайтару үшін екінші деңгейдегі банктегі есеп айырысу шотының деректемелерін қамтиды;
4) байланыс деректері (заңды мекенжайы, телефоны, факсы, e-mail).
Өтінім Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес толтырылады.
Сондай-ақ қатысушы не қатысушының атынан кез келген жеке немесе заңды тұлға бірыңғай оператордың шотына конкурс өткізу туралы хабарламада көрсетілген мөлшерде және мерзімдерде кепілдік жарнаны енгізеді.
Тор қоршамада және (немесе) көл-тауарлы балық өсіру шаруашылықтарын жүргізу мақсатында балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру жөніндегі конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары:
✓ салық төлеушінің салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің болмауы;
✓ конкурсқа қатысушының БАНК, филиал немесе банк бөлімшесі алдындағы міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша мерзімі өткен берешегінің болмауы.
Қатысушыларды қабылдау және тіркеу 2022 жылғы 4 мамырдан бастап 18 мамырға дейін Нұр-сұлтан қ. уақытымен сағат 9:00-ге дейін жүргізіледі.
☎️Анықтама телефондары:
8 (7172) 74-10-58, 8 (702) 626 32 56,
8 (7182) 65-02-58, 8 (771) 516 46 64