Албырт және бахтақ балық түрлерін өсірумен айналысатын балық өсіру шаруашылықтарын қолдаудың қосымша шаралары туралы

Албырт және бахтақ балық түрлерін өсірумен айналысатын балық өсіру шаруашылықтарын қолдаудың қосымша шаралары туралы
Албырт және бахтақ балық түрлерін өсірумен айналысатын балық өсіру шаруашылықтарын қолдаудың қосымша шаралары туралы
 
2022 жылғы 22 наурызда Еуразиялық экономикалық комиссия алқасы № 43 шешімімен Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің кедендік әкелу бажының ставкасын белгілеу туралы шешім қабылдады, Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 80 шешімі негізінде, ЕАЭО СЭҚ ТН 0511 91 901 9 кодымен жіктелетін ұрықтандырылған балық уылдырығының жекелеген түрлері кедендік құны 0 пайызы мөлшерінде шешім күшіне енген күннен бастап 2024 жылғы 31 желтоқсанды қоса алған аралықта бекітілген.
 
Отандық балық өсірушілерді қолдау үшін Қазақстан тарапы Еуразиялық экономикалық комиссияға БЭЖ-ге қатысушы барлық елдер қолдауымен кедендік әкелу бажының 0 пайыз мөлшеріндегі ставкасын белгілеу туралы ұсыныс жібергенін атап өткен жөн. Сондай-ақ Еуразиялық экономикалық комиссия алқасы 2309 90 100 0 кодымен жіктелетін балық үшін азықтың жекелеген түрлеріне кедендік әкелу бажының мөлшерлемесін 5% - дан 3% - ға дейін төмендетті. Бұл шара 2022 жылғы 31 желтоқсанды қоса алған аралықта қолданылатын болады.
 
Ұрықтанған балық уылдырығының (баттақ пен албырт) жекелеген түрлеріне қатысты нөлдік ставкаларды белгілеу және балыққа арналған азықтың жекелеген түрлеріне ставканы 3% - ға дейін төмендету, албырт және баттақ тұқымдас балықтарды өсірумен айналысатын шаруашылықтарды қолдауға одан әрі дамытуға, сондай-ақ отандық акваөсіруді дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау мақсатына бағытталған.