
Құрметті БАҚ өкілдері!
2022 жылғы 4-5 мамырда ҚР ЭГТРМ балық шаруашылығы комитеті Солтүстік Қазақстан облысында су қоймаларын балықтандыру, сондай-ақ, жасанды балық өсіру шарушылықтарына баспасөз турын өткізуді жоспарлап отыр.
Балық ресурстарын молайту мақсатында Сергеев су қоймасына 30 миллион дана, Петропавл су қоймасына ақсаха балық түрлерінің 6 миллионға жуық дернәсілін шығару жоспарланып отыр. Бұдан бөлек, аймақтағы балық өсіретін шаруашылықтар таныстырылады.
БАҚ өкілдерін аталған іс-шараға қатысуға шақырамыз. Бізбен бірге балық ресурстарын қорғап және көбейтуге өз үлесіңізді қосыңыз.
БАҚ өкілдерін тіркеу үшін тел.87784059321 (Аслан Жеңісұлы - ҚР ЭГТРМ балық шаруашылығы комитетінің баспасөз хатшысы) 2022 жылғы 3 мамыр.сағат 19:00 дейін хабарласу қажет.
Жиналу уақыты мен орны: 2022 жылғы 4 мамыр күні сағат 09:30-да "Петропавл балық питомнигі" РМҚК