ИТБАЛЫҚТАРДЫҢ ӨЛІМІ ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?

ИТБАЛЫҚТАРДЫҢ ӨЛІМІ ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?

ИТБАЛЫҚТАРДЫҢ ӨЛІМІ ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?

 

Жыл сайын көктемгі уақытта, солтүстік-батыс және батыс дауылдары басталған кезде, Каспий теңізінің жағалауына каспий итбалықтарының өлі ұшалары шығарылады.

Алматыға іссапар барысында Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаев Орталық Азия экологиялық зерттеулер институтында болып, каспий итбалығының азайып кету себебін зерделеп, осы бағытта іргелі зерттеулер жүргізу қажет екенін атап өтті. Президент осы өзекті мәселені өз бақылауына алатынын айтты.

Мәліметтерге сүйенсек, биылғы жылдың басынан 30 мамырға дейін Каспий теңізінің жағалауынан итбалықтардың 219 ұшасы табылды.

Табылған итбалықтардың ұшалары қатты ыдырау қүйінде болғандықтан, токсикологиялық, гистологиялық және вирусологиялық зерттеулер жүргізу үшін сынамалар алу мүмкін болмады. Осыған орай, итбалықтар қысқы мезгілде өлген деп болжауға болады.

Табылған ұшалар Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының және жергілікті атқарушы органның күшімен, санитарлық нормаларды сақтай отырып, жойылып отыр.

Ғылыми ұйым қызметкерлерінің ақпараты бойынша, зерттеу нәтижелерін, сондай-ақ жануарлардың өлімінің болжамды себептерін ағымдағы жылдың маусым айында жариялау жоспарланып отыр, оның қорытындысы бойынша тиісті шешімдер қабылдау мәселесі қаралады.

Ел Үкіметінің 2020 жылғы 9 қарашадағы қаулысымен каспий итбалығы сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген жануарлар және өсімдіктер түрлерінің тізбесіне енгізілді.

Ғылыми ұйымдардың осы бағытта жасалып жатқан жұмысын қолдау үшін, 2021 жылғы қыркүйекте Қазақстан мен Ресейдің XVII аймақаралық ынтымақтастық форумы барысында ҚР ЭГТРМ мен РФ Экология және табиғи ресурстар министрлігі арасында каспий итбалығының популяциясын сақтау жөніндегі 2021-2026 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспарына (бұдан әрі – Бірлескен жоспар) қол қойылған.

Бірлескен зерттеулер қорытындысы бойынша, бірлескен жоспар шеңберінде Қазақстандық қолданбалы экология агенттігі, Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы және «Ресей Ғылым академиясының А.Н. Северцов атындағы Экология және эволюция проблемалары институты» ФМБҒМ-мен каспий итбалығын сақтау бойынша қосымша шаралар әзірлеу жоспарлануда, олардың бірі каспий итбалығының мекендеу орындарын сақтау және көбейту үшін ерекше қорғалатын табиғи аумақ құру болып табылады.

Сонымен қатар, 2019 жылғы тамызда Ақтау қаласында бюджеттен тыс қаражат есебінен ауру және жарақаттанған итбалықтарды емдеумен, оңалтумен және кейіннен оларды мекендеу ортасы – Каспий теңізіне шығарумен айналысатын каспий итбалығын зерттеу және оңалту жөніндегі еліміздегі алғашқы орталық ашылды.

Бүгінгі таңда Орталық 40-тан астам итбалықты емдеп, табиғи мекендеу ортасына жіберді.