Атырауда әлеуметтік желіде балықтардың жаппай қырылғаны туралы бейнероликке қатысты комиссия құрылды

Атырауда әлеуметтік желіде балықтардың жаппай қырылғаны туралы бейнероликке қатысты комиссия құрылды

Атырауда әлеуметтік желіде балықтардың жаппай қырылғаны туралы бейнеролик тарап жатыр. Қазір арнайы комиссия құрылып, ол оқиғаның мән-жайын анықтауға кірісті. Комиссияның құрамында Жайық-Каспий облысаралық балық шаруашылығы инспекциясы және жергілікті атқарушы орган бар. Балықтың жаппай қырылуы шамамен Махамбет ауданындағы су айдынындарының бірінде болды деген болжам бар. Тексеру нәтижелері туралы қосымша хабарлаймыз.