Еске сала кетсек, ауланған қортпадан 35 кг уылдырық алынған болатын, бұл 1,2 миллион дана уылдырықты ұрықтандырып, шабақ кезеңіне дейін инкубациялауға арналған аппараттарға орналастыруға мүмкіндік берді. Алынған шабақтар алдымен бассейндерде өсіріліп, кейіннен, орташа мөлшері 3 граммды құрап, табиғи ортаға жіберуге дайын болған уақытқа дейін өсіру тоғандарына ауыстырылады.