Жамбыл облысында «Уылдырық-2022» акциясы кезінде екі азамат ұсталды

Жамбыл облысында «Уылдырық-2022» акциясы кезінде екі азамат ұсталды

Жамбыл облысында «Уылдырық-2022» акциясы кезінде екі азамат ұсталды

Жамбылдық балық қорғау инспекторлары заңды белшесінен басқандарды 22 сәуір күні сағат 23:30 шамасында Шу ауданына қарасты Тасөткел су айдынында анықтады. Сорақысы сол, олар балық аулауға тыйым салынған құрал – шанышқылы айырмен (острага) су маржандарын аулаған. Табиғат сақшылары заңсыз балық аулаушылардан 20 кг сазан балығын, 2 дана шанышқылы айыр, 2 жарық беретін фонарь, 2 жұп резеңке етікті тәркіледі. Осылайша табиғатқа 120374 теңге көлемінде залал келтірген.

Аталған дерек бойынша екі заң бұзушыға ҚР ӘҚБ туралы кодексінің 383 бабы 3 бөлігімен әкімшілік іс қозғалды.

Айта кету қажет, «Уылдырық-2022» акциясы 15 сәуір мен 31 мамыр аралығында өтеді. Бұл уақытта балық аулауға қатаң тиым салынады. Су айдындарын барлық құқық және табиғат қорғау органдары бақылауға алады. Акция басталғалы бері осымен оннан астам заң бұзушы анықталды. Олардың кейбіруіне қылмыстық іс қозғалды.