БҚО-да заңсыз балық аулаған 5 тұрғын ұсталды

БҚО-да заңсыз балық аулаған 5 тұрғын ұсталды
БҚО-да заңсыз балық аулаған 5 тұрғын ұсталды
 
2022 жылғы 19 сәуірде сағат таңғы 6-30 шамасында «Бекіре-2022» балық қорғау акциясы аясында рейдтік іс-шараларды өткізу кезінде, Батыс Қазақстан облысы бойынша балық инспекциясы басқармасының Ақжайық инспекциясы бөлімінің қызметкерлері Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Шабдаржап ауылының маңындағы Жайық өзенінің жағасында Тайпақ ауылының 5 тұрғынын заңсыз балық аулау кезінде қолға түсірді.
Тексеру барысында олармен заңсыз 262 кг балық ауланғаны анықталды. Оқиға орнына құқық қорғау органдарының жедел-тергеу тобы шақырылып, аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 335-бабының 1-бөлігімен қылмыстық іс қозғалып, қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде.
 
Аслан Жеңісұлы,
ҚР ЭГТРМ Балық шаруашылығы комитетінің ресми өкілі