
Жануарлардың қырылу қаупі және (немесе) өлімі анықталған кезде өзара іс-қимыл схемасына сәйкес балықтың қырылуы анықталған фактісі бойынша 2022 жылғы 20 сәуірде Павлодар облысы бойынша балық инспекциясы бөлімінің, Павлодар облысының экология департаментінің, Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының және "Балық шаруашылығы ҒӨО" ЖШС Алтай филиалының өкілдері Павлодар облысы Ақсу қаласы Қызылжар ауылының жанында орналасқан Ильюшка шағын өзеніге комиссиялық шығу жүзеге асырды.
Павлодар облысы Экология департаментінің мамандары зертханалық зерттеулер жүргізу үшін су сынамаларын алды.
Балық қырылған жерді тексеру кезінде комиссия Ильюшка шағын өзенінің бір жерінде мұздатудың болғанын анықтады, оның себебі қысқы уақытта түбіне дейін толық мұздату болды.
Ильюшка шағын өзенінде балықтың қырылуының нақты себебі Павлодар облысының экология департаментінен зертханалық зерттеулердің қорытындысын алғаннан кейін анықталады, ол туралы қосымша хабарланатын болады.
Қырылғын балықтардың жинау және кәдеге жаратуы жергілікті атқарушы органдарымен жүзеге асыратын болады. Қырылған балықтың саны (шортан) 25 кг құрады.
Анықтама үшін: Ильюшка шағын өзені Павлодар облысының жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының тізбесінде көрсетілмеген, ауданы -8 га, тереңдігі – 1,5 метр. Су айдыны лай түзілімдерімен тартылған, ағынсыз болып табылады.