«Ватсап» мессенджер арқылы Қостанай қаласында «Тарелочка» су айдынында балық өлімі туралы ақпарат түсті

«Ватсап» мессенджер арқылы Қостанай қаласында «Тарелочка» су айдынында балық өлімі туралы ақпарат түсті

Жануарлардың қырылу қаупі және (немесе) өлімі анықталған кезде бекітілген өзара іс-қимыл әрекеттер схемасына сәйкес, балық өлімін анықтау мақсатында «Тобыл-Торғай облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы» РММ, «Қостанай облысы Әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғатты реттеу басқармасы» ММ және «Балық шаруашылығы ғылыми өндірістік орталығы» ЖШС-ң Солтүстік Қазақстан филиалы қызметкерлері бірлескен түрде су айдынына шықты.

Су айдынын тексеру барысында пирстың оң және сол жағында жағалауларындағы учаскелерінде орташа салмағы 15 грамм болатын өлген мөнке балығының шабақтары табылды. Барлық өлген балық қапшыққа салынып жиналды, жалпы салмағы 17 кг.

Судан бөгде иіс және түсінің өзгергені анықталмады. Өлген балық және су сынымалары зертханалық тексерулерге алынды. Балық өлген жерде Қостанай қаласының әкімдігімен өлген балықты жинау және утилизациялау жұмыстары ұйымдастырылды.

Өлген балық жою үшін Қостанай каласының «Ветеринариялық станция» МКМ не берілді. Балық өлім себебі зертханалық тексеру нәтижелерінен кейін анықталады.
 
Мәлімет үшін: «Тарелочка» су айдыны Қостанай қаласы «Аэропорт» мөлтек ауданында орналасқан. Балық шаруашылығын жүргізу үшін бекітілмеген, балық шаруашылығына маңызы бар жергілікті су айдындар тізбесінде жоқ. Су айдыны аумағы 3 га, орташа тереңдігі 1 метр. Қыс мезгілінде су айдыны табанына дейін қатып қалады.