
2022 жылғы 8 ақпанда Зайсан-Ертіс облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының қызметкерлерімен Шығыс Қазақстан облысы бойынша Полиция департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп, Бұқтырма су қоймасында балық аулауға тыйым салынған балық аулау құралдарын пайдалана отырып балық ресурстарын аулаған азамат А. ұсталды.
Тексеру нәтижелері бойынша осы тәртіп бұзушыдан синтетикалық моножіптен жасалған 100 м желі, 1 мұзжарғыш, сондай-ақ жалпы салмағы 178 кг болатын балықтың бөлшектік түрлері тәркіленді, балық ресурстарына келтірілген залал шамамен 980 мың теңгені құрады.
Осыған байланысты материалдар мен заттай дәлелдемелер қылмыстық іс қозғау үшін Көкпекті полиция бөліміне тапсырылды.
ҚР Қылмыстық кодексінің 335-бабына сәйкес, балық ресурстарын және басқа да су жануарларын заңсыз аулауғаны үшін үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл не сегіз жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға дейін жазаланады, мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан бес жылға дейінгі мерзімге айырылады.