Заңсыз балық аулаған құқықбұзушылардың ұсталуы бойынша

Заңсыз балық аулаған құқықбұзушылардың ұсталуы бойынша

2022 жылғы 3 ақпанда Арал-Сырдария облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының қызметкерлері Шардара полиция бөлімінің және қорықшы қызметінің қызметкерлерімен бірлесіп Шардара су қоймасындағы рейдтік іс-шаралар барысында пайдалануға тыйым салынған балық аулау құралдарын пайдалана отырып, балық ресурстарын аулаған үш азаматты ұстады.

Тексеру нәтижелері бойынша осы құқықбұзушылардан синтетикалық моножіптен жасалған 1000 м ау торлар, 2 резеңке қайық, сондай-ақ жалпы салмағы 566 кг балықтың бөлшектік түрлері алынды.

Материалдар мен заттай дәлелдемелер қылмыстық іс қозғау үшін Шардара полиция бөліміне тапсырылды.

ҚР Қылмыстық кодексінің 335-бабына сәйкес, балық ресурстарын және басқа да су жануарларын заңсыз аулауғаны үшін үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл не сегіз жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға дейін жазаланады, мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан бес жылға дейінгі мерзімге айырылады.