Су биологиялық ресурстарын сақтау, ұтымды пайдалану және олардың бірлескен қорларын басқару жөніндегі үкіметаралық комиссия отырысының басталуы туралы

Су биологиялық ресурстарын сақтау, ұтымды пайдалану және олардың бірлескен қорларын басқару жөніндегі үкіметаралық комиссия отырысының басталуы туралы

2021 жылғы 20 желтоқсанда Каспий теңізінің су биологиялық ресурстарын сақтау, ұтымды пайдалану және олардың бірлескен қорларын басқару жөніндегі үкіметаралық Комиссия өз жұмысын бастады. Айта кету керек, ағымдағы жылы үкіметаралық комиссия отырысы Қазақстан Республикасының төрағалығымен өтуде. Қазақстандық делегацияны ҚР ЭГТРМ Балық шаруашылығы комитетінің төрағасы Жүнісов Нариман Талғатұлы басқарады.

Үкіметаралық комиссияның отырысы 3 күнге созылады, онда тараптардың аулау квотасын пайдалану туралы, Су биологиялық ресурстарын молайту және қорғау туралы, Теңіз ғылыми зерттеулері негізінде су биологиялық ресурстарының жай-күйі туралы есептері, сондай-ақ 2022 жылға арналған бірлескен су биологиялық ресурстарын аулау квоталарын (көлемдерін) бекіту, Каспий теңізінде бекіре балық түрлерін коммерциялық аулауға тыйым салуды ұзарту, Комиссия шеңберінде Каспий теңізінің су биологиялық ресурстарын қорғауды жүзеге асыратын органдардың қызметін үйлестіру жөніндегі жұмыс тобын құру мәселелері талқыланады.

Бұдан басқа, 2010 жылғы 18 қарашадағы Каспий теңізіндегі қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге Каспий теңізінде су биологиялық ресурстарын заңсыз кәсіпшілікпен (браконьерлікпен) күрес саласындағы ынтымақтастық туралы хаттаманың жобасын талқылау жоспарлануда.

Комиссия отырысының қорытындысы бойынша тиісті хаттама қабылданады.