Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 30 жыл

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 30 жыл

Бүгін Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінде Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай салтанатты жиын өтті. Министр Серікқали Брекешев қызметкерлерді құттықтап, мерейтойлық медальдарды табыстады Салтанатты жиын соңында ведомства басшысы марапат иелеріне табыс тіледі.
Сонымен қатар, Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Әлия Шалабекова балық шаруашылығы саласының дамуына үлкен үлес қосқан бірқатар қызметкерлерді және ардагерлерді марапаттады. Министрдің орынбасары Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған мерекелік медальдарды, Балық шаруашылығы саласындағы еңбек сіңірген қызметкері төс белгілерін, Министрдің құрмет грамоталарын және алғыс хаттарын табыстады.