Меню

Страницы

Статья

Балқаш көлінің балық шаруашылығы учаскелерін бекіту туралы бейнежазбаға түсініктеме

Әлеуметтік желілерде Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы Ақжайдақ ауылдық округінің тұрғындары жазған бейнеөтініш таратылып, онда Балқаш көлінде кәсіпшілік балық аулауды жүзеге асыру құқығын беру мәселесі көтерілген.

 

"Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Заңына сәйкес, жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаты, сондай-ақ балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру жөніндегі конкурс қорытындылары бойынша жасалған балық шаруашылығын жүргізуге ведомствоның аумақтық бөлімшесімен жасалған шарты болған жағдайда, жеке және заңды тұлғалардың кәсіпшілік балық аулауға құқығы бар.

Балық шаруашылығы учаскелерін бекітіп беру Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 18-04/245 бұйрығымен бекітілген және көрсетілген Заңның 40-бабына және балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру жөніндегі конкурсты өткізу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

 

Балқаш көлі 99 балық кәсіпшілігі учаскесіне бөлінген, оның ішінде Алматы облысы шегінде – 55, Қарағанды облысы шегінде – 26, Жамбыл облысы шегінде – 18.

Балқаш көлі бойынша балық ресурстарын аулаудың жалпы лимиті 8,1 мың тоннаны құрайды, оның ішінде Қарағанды облысы шегінде – 941,6 тонна.

 

Бүгінгі күні көлдің 99 учаскесінің 56 – сы 21 балық шаруашылығы субъектілеріне бекітілген, оның ішінде Алматы облысы шегінде – 28 (11 субъектіге), Қарағанды облысы шегінде – 15 (6 субъектіге), Жамбыл облысы шегінде-13 (4 субъектіге).

 

Балқаш көлінің резервтік қорында 43 учаске бар, оның ішінде 39 – кәсіпшілік және 4 – тор шаруашылығын жүргізу үшін учаске, олардың 3-і бойынша 2021 жылғы 28 желтоқсанда конкурс өткізілді және оларды тор қоршамда балық өсіру шаруашылығын жүргізу үшін бекіту туралы Қарағанды облысы әкімдігінің қаулысы қабылданады деп күтілуде, тор қоршамда балық өсіру шаруашылығын жүргізу үшін 1 учаске бойынша конкурс болған жоқ.

Бұл ретте 27 резервтік учаске Алматы облысының шегінде, 11 учаске Қарағанды облысының шегінде, 5 учаске Жамбыл облысының шегінде орналасқан.

 

Балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру бойынша конкурстар өткізудің бекітілген кестесіне сәйкес, Балқаш көлінің резервтік учаскелерін Қарағанды және Жамбыл облыстары шегінде бекітіп беру ағымдағы жылғы 15 ақпанда, ал Алматы облысы шегінде – ағымдағы жылғы 20 ақпанда жоспарланып отыр.

Сонымен қатар, Қарағанды облысының шегінде конкурсқа 4 учаске, Жамбыл – 5 учаске, Алматы – 5 учаске шегінде шығару жоспарлануда.

 

Жергілікті тұрғындар арасында учаскелерді бекіту бойынша конкурс өткізу шарттары туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында, жергілікті атқарушы органның өкілдерімен бірлесіп аталған ауданға Балқаш-Алакөл облысаралық балық шаруашылығы бассейндік инспекциясының басшысы А. С. Суюбаев жіберілді.

Дата публикации
08 февраля 2022
Дата обновления
08 февраля 2022
Тип
Баспасөз релиздері

Сейчас читают

Ақпарат
26 декабря 2025
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
Ақпарат
13 сентября 2024
ҚР АШМ Балық шаруашылығы комитетінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелері бойынша айқындалатын сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшырайтын лауазымдардың тізбесі
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы