ХАБАРЛАНДЫРУ республикалық балықшылар мен балық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктері қауымдастықтарын аккредитациядан өткізу туралы

Құрметті балық шаруашылығы қоғамдық бірлестіктерінің өкілдері!

Балық шаруашылығы комитеті 2025 жылғы 6 маусымда Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 31 қаңтардағы                    № 28 бұйрығымен бекітілген Республикалық аңшылар мен аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің қауымдастықтарын, сондай-ақ балық аулаушылар мен балық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерін аккредиттеу қағидаларына сәйкес, балық шаруашылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын қоғамдық бірлестіктерді аккредиттеу өткізілетінін хабарлайды. 

Аккредитациялауды өткізудің мақсаты – бірлестіктердің жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы қолданыстағы заңнаманың талаптарына сәйкестігін растау, сондай-ақ мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылдың тиімділігін және балық шаруашылығының тұрақты дамуын арттыру.

Өтінімдер мен құжаттарды берудің соңғы мерзімі – 2025 жылғы 5 маусым.

Балық шаруашылығы комитеті барлық мүдделі бірлестіктерді аккредитациядан өтуге шақырады!

Дата публикации
27 мая 2025