Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы салалық ғылым ретінде балық отырғызу материалдарының саны мен алуан түрлілігінің тапшылығы жөніндегі проблеманы шешу үшін балықтардың бағалы түрлерін жасанды түрде көбейту технологияларын әзірлеп, оларды енгізеді және коммерцияландырады.
Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы ҚР балық шаруашылығын дамытуға белсенді қатысады. Атап айтқанда, отандық аквакультура саласында келесі іс-шаралар өткізіледі:
-Ғылым, білім және өндірістің өзара іс-қимылын күшейту
-Балық шаруашылығындағы бизнес-жобаларды іске асырудың әртүрлі кезеңдерінде БШ ҒӨО-ға жәрдемдесу
- Негізгі балық өсіру шаруашылықтарының типтік үлгілерін әзірлеу
- Аквакультураның онлайн-калькуляторын әзірлеу
- Зәкірлік кәсіпорындар негізінде балық шаруашылығын дамытудың кластерлік моделін әзірлеу.