Бағалы балық түрлерінің табиғи өсімін молайту үшін жағдай жасау мақсатында, Атырау облысы әкімдігінің және су ресурстары комитетінің ақпараты бойынша 2018 жылдан бастап 2020 жылға дейін Атырау облысы шегінде Жайық және Қиғаш өзендерінің гидрологиялық режимін молайту және жақсарту жөніндегі жобалар іске асырылды.
Жобалардың мақсаты-түбін тереңдету жұмыстарын жүргізу арқылы балықтардың уылдырық шашу кезеңінде кедергісіз қоныс аударуын қамтамасыз ету.
Жайық өзенінде жалпы ұзындығы 25,5 км түбін тереңдету жұмыстары жүргізілді, ұзындығы 16,9 км жаңа арна құрылды, іске асыру кезеңі – 2018-2020 жылдар. Жұмыстар толығымен орындалды.
Қиғаш өзенінде жалпы ұзындығы 126 км түбін тереңдету жұмыстары жүргізілді, іске асыру кезеңі – 2018-2021 жылдар. Жұмыстар толығымен орындалды.
Жұмысты жалғастыру үшін 2022-2023 жылдары 9,1 млрд. теңге бөлінді. Балық жүретін каналдарда ұзындығы 96 км түбін тереңдету жұмыстары, оның ішінде Жайық өзенінде - 33 км, Қиғаш өзенінде - 63 км түбін тереңдету жұмыстары. жүргізілді