«Жайық-Атырау бекіре балық өсіру зауыты» РМҚК
Директордың м. а. - Мұхатжиев Болат Жолдығалиұлы, 2016 жылдан бастап жұмыс істейді.
Бас бухгалтер-Жайлауова Гүлшат Елемесқызы, 2015 жылдан бастап жұмыс істейді.
Бас экономист-Хамидуллина Рахима Билановна, 2016 жылдан бастап жұмыс істейді.
«Жайық - Атырау бекіре балық өсіру зауыты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының негізгі міндеті бекіре тұқымдас балықтардың шабақтарын жасанды молайту және оларды мемлекеттік тапсырыс шеңберінде Жайық өзеніне жіберу.
Кәсіпорын Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 16 қыркүйектегі «Жайық-Атырау бекіре балық өсіру зауыты» және «Атырау бекіре балық өсіру зауыты» жедел басқару құқығында республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындар құру туралы» № 909 қаулысына сәйкес құрылды.
1998 жылы Каспий теңізінде мұнай операцияларын жүргізудің басталуына байланысты өтемақы объектісі ретінде салынды және пайдалануға берілді.
Содан кейін, Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар Министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің «Жайық-Атырау бекіре балық өсіру зауыты» РМҚК Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 18 тамыздағы № 569 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар Министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің «Атырау бекіре балық өсіру зауыты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын оған қосу жолымен қайта ұйымдастырылды.
Зауыт Жайық өзенінің Золотой арнасының сол жағалауында, Атырау қаласының Зарослый ауылының маңында, Каспий теңізінің қазіргі ойығынан 6 км жерде орналасқан.
Зауыттың Еркінқала учаскесі Еркінқала ауылының шетіндегі Жайық өзенінің атырауындағы Яицкого арнасының оң жағалауында орналасқан.
Мемлекеттік тапсырыс шеңберінде бағалы балық түрлерінің шабақтарын табиғи мекендеу ортасына өсірудің және жіберудің жыл сайынғы көлемі - бекіре тұқымдас балықтардың 7,0 млн. дана шабақтары. 2023 жылға шартқа сәйкес 509,8 млн. теңге сомасына бюджет бөлінді.
«Камыстыбас балық питомнигі" РМҚК
Директордың орынбасары-Есепбаев Айдос Аманғалиұлы, 2018 жылдан бастап жұмыс істейді.
Бас бухгалтер-Тогисов Алтынбек Жадрасинович, 2018 жылдан бастап
Қамыстыбаш балық питомнигі 1966 жылы балық ресурстарын жасанды молайту мақсатында пайдалануға берілді, өйткені Арал теңізі деңгейінің төмендеуі балықтардың табиғи көбеюіне кері әсерін тигізді.
1988 жылы балық питомнигіне Тастақ учаскесі қосылды, ол 1947 жылдан бастап ұдайы өндіру мақсатындағы объект ретінде жұмыс істейді.
Бас балық өсіру учаскесі Қосжар кентінде, Арал қаласынан 120 км қашықтықта орналасқан, «Тастақ» учаскесі Тастақ кентінде Арал қаласынан 220 км қашықтықта орналасқан.
Тоғандар мен балық питомнигі аумағының жалпы ауданы 263 га, оның ішінде: Қосжар – 183 га, Тастақ – 80 га.
Балық өсіру маусымында балық питомнигінде екі инкубациялық цех жұмыс істейді. Қосжар учаскесінің цехы 2003 жылы Израиль өндірісінің инкубациялық аппараттарымен қайта жабдықталды.
Мемлекеттік тапсырыс шеңберінде бағалы балық түрлерінің шабақтарын табиғи мекендеу ортасына өсірудің және жіберудің жыл сайынғы көлемі - 14,8 млн.дана дернәсілдер және 0,42 млн. дана екі жаздық тұқы және өсімдіктермен қоректенетін балық түрлері. 2023 жылға Шартқа сәйкес 458,7 млн. теңге қаражат бөлінді.
«Петропавл балық питомнигі» РМҚК
Кәсіпорынның атауы: ҚР ЭТРМ Балық шаруашылығы комитетінің «Петропавл балық питомнигі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
Кәсіпорынның орналасқан жері: СҚО, Петропавл қ., 410 ғимарат. Телефон 8(7152)-40-00-12. Ал.мекен-жайы: ribopitomnik@gmail.com
Кәсіпорын басшылығы туралы мәліметтер:
Директоры – Жаңабаев Рустам Қабдрашитұлы, 2021 жылдан бастап.
Штат саны, оның ішінде ӘБП: штат саны-28 адам, оның ішінде 3 ӘБП адам.
Қысқаша тарихи анықтама
Балық питомнигі 1964 жылы пайдалануға берілді. Ақсаха балықтардың жасанды көбеюіне маманданған жалғыз кәсіпорын.
Балық питомнигінде өндірістік ғимарат, ауданы 817,3 м2 инкубациялық цех, тоғандар, гараждар, қойма бөлмелері бар. Сонымен қатар, 5 өсетін тоған, 7 қыстайтын тоған, 1 жинақтаушы тоған (инкубациялық цехты айналымды сумен жабдықтау үшін), 1 жазғы-аналық тоған бар. Жалпы тоған ауданы 48,62 га. Өсіп-өнетін және қыстайтын тоғандарды толтыруға арналған су жинау Есіл өзенінен жүзеге асырылады.
Мемлекеттік тапсырысты орындау: мемлекеттік тапсырыс шеңберінде бағалы балық түрлерінің шабақтарын өсіру және табиғи мекендеу ортасына жіберу көлемі – 35,5 млн.дана ақсаха балық дернәсілдері және 1,0 млн. дана тұқы балықтары. 2023 жылға шартқа сәйкес 65,8 млн. теңге қаражат бөлінді.
2023 жылғы 5-6 мамырда Петропавл және Сергеев су қоймаларына 35,5 млн. дана ақсаха балық түрлерінің дернәсілдерә жіберілді.
Тұқы балықтарын жіберу ағымдағы жылдың қазан айына жоспарланған.