Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Ғылыми ұйымдармен өзара іс-қимыл

 

2022 жылы балық шаруашылығының ғылыми-өндірістік орталығы балық ресурстарын мемлекеттік есепке алу мен мониторингілеуді жүзеге асыру мақсатында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді.

Ғылыми зерттеулердің нәтижелері бойынша:

- балық ресурстарының және басқа да су жануарларының табиғи өсімін молайту қабілетін көрсете отырып, олардың жай-күйі туралы қорытынды;

- алудың рұқсат етілген шекті көлемінің негіздемесі және оның балық ресурстарының жай-күйіне әсерінің болжамы;

ғылыми ұсыныстар:

- шабақтардың (дернәсілдер, сеголеткалар, екі жасар балалар) жас тобы және балықтың әрбір түрінің балықтандыру көлемі бойынша;

- оңтайлы режим бойынша, сондай-ақ балық аулауға шектеулер мен тыйым салулар бойынша;

-балық өсіру-мелиоративтік жұмыстарды жүргізу бойынша.

Сонымен қатар, 2022 жылы "Казэкопроект" ЖШС Каспий теңізінің қазақстандық бөлігінің биоресурстарының жағдайын бағалау бойынша кешенді теңіз зерттеулерін жүргізді.

Ғылыми зерттеулердің нәтижелері бойынша балық ресурстарын алып қоюдың шекті рұқсат етілген көлемі, балық аулау режимі мен оны реттеу, балықтандырудың көлемі, түрі, жас құрамы бойынша, шектеулер мен тыйым салулар жөніндегі ұсынымдарды қоса алғанда, балық аулау режимін оңтайландыру ұсынымдары бар биологиялық негіздемелер берілді.

Осы биологиялық негіздемелердің және мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысының негізінде ЭТРМ 2022 жылғы 1 маусым мен 2023 жылғы 1 маусым аралағындағы тиісті кезеңге балық шаруашылығы су айдындары бойынша балық және басқа да су жануарларын аулауға лимиттерді бекітті.

  Биылғы жылдың қаңтар айында "Балық шаруашылығының ғылыми-өндірістік орталығы" ЖШС-мен 2023-2024 жыл кезеңіне ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін шарттар жасалды, сондай-ақ Каспий теңізінің қазақстандық бөлігінде кешенді теңіз зерттеулерін жүргізу бойынша "Қазақстандық қолданбалы экология агенттігі" ЖШС-мен шарт жасалды.


Жүргізілген жұмыстардың нәтижелері бекітілген мерзімдерде тиісті биологиялық негіздемелер түрінде ұсынылатын болады.

Документы
Новости
Полезные материалы
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы