Балық ресурстарының өсімін молайту және акваөсіру
Балық шаруашылығы ел экономикасында табыс көзі және халықты жұмыспен қамту, экономиканың экспорттық әлеуетін арттыру және биологиялық әртүрліліктің жаңартылатын көзі ретінде маңызды.
Осыған байланысты, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің қызметі балық ресурстарын тұрақты пайдалану үшін оларды сақтауға және молайтуға бағытталған.
Бұл ретте маңызды міндеттердің бірі табиғи өсімін молайту үшін жағдай жасау жөніндегі іс-шараларды іске асыру, жолымен балық ресурстарын ұлғайту, сондай-ақ жасанды өсімін молайтуды жүзеге асыру болып табылады.
Балық шабақтарын жасанды өсіру жөніндегі функцияларды кейіннен табиғи мекендеу ортасына шығара отырып, республикалық бюджет есебінен Балық шаруашылығы комитетінің Жайық-Атырау бекіре балық өсіру зауытының, сәйкесінше Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстарында орналасқан Қамыстыбас және Петропавл балық питомниктерінің мемлекеттік кәсіпорындары іске асырады.
Олар өсірген бағалы балық түрлерінің шабқтары жыл сайын балық шаруашылығы су айдындарына жіберіледі. Осылайша, 2023 жылы бағалы балық түрлерінің 53,6 млн.дана балық шабақтары – бекіре, ақсаха, тұқы және өсімдіктермен қоректенетін балық түрлерінің шабақтары (ақ амур, дөңмаңдай) өсіріліп, табиғи мекендеу ортасына жіберіледі.
Сонымен қатар, су айдындарын балықтандыру бойынша қызметтер көрсетуге мемлекеттік тапсырыс жыл сайын жеке балық өсіру кәсіпорындары арасында бәсекелестік негізде орналастырылады. 2023 жылы Арал-Сырдария, Есіл, Балқаш-Алакөл, Зайсан-Ертіс және Нұра-Сарысу бассейндерінің су айдындарына бағалы балық түрлерінің 45,4 млн.дана балық шабақтары жіберілді.
Өсірілген шабақтарды су айдындарына жіберу облысаралық балық шаруашылығы бассейндік инспекциялары қызметкерлерінің, жергілікті атқарушы органдар, қоғамдық және ғылыми ұйымдар өкілдерінің, сондай-ақ БАҚ өкілдерінің қатысуымен комиссиялық түрде жүзеге асырылды.
Балық шаруашылығын дамытудың 2021-2030 жылдарға арналған бағдарламасы Үкіметтің 2021 жылғы 5 сәуірдегі № 208 қаулысымен бекітілген.
2030 жылға дейінгі бағдарламада мынадай негізгі индикаторлар айқындалған:
- балық өсіру көлемін жылына 7-ден 270 мың тоннаға дейін арттыру;
- балық өнімдерін ішкі тұтынуды жылына 67-ден 134 мың тоннаға дейін ұлғайту;
- балық өнімдерінің экспортын жылына 30-дан 181 мың тоннаға дейін ұлғайту.
Балық шаруашылығын дамыту мақсатында заңнамалық деңгейде келесі шаралар қабылданды:
- бұрын кәсіпшілік балық аулауға бекітілген балық шаруашылығы су айдындарын балық шаруашылығын жүргізуге арналған су айдындарына ауыстыру қағидалары бекітілді;
- балық шаруашылығын жүргізу үшін шарт жасасудың нақты мерзімі 49 жылға белгіленген (бұрын 5 жылдан 49 жылға дейін болған);
- Даму жоспарлары аясында балық өсірушілерге қойылатын артық талаптар алынып тасталды.
Сонымен қатар:
- бизнес ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерде балық өсіру шаруашылықтарын салу кезіндегі шығындарды өтеуден босатылды;
- су қорғау белдеуінде балық өсіру шаруашылықтарын орналастыру бойынша шектеулер алынып тасталды;
- кәсіпшілік балық аулау субъектілеріне бекітілген су айдындарында тор қоршамада балық шаруашылығын ұйымдастыру құқығы берілді;
- балық өсіру тоғандары мен бассейндерін салу кезінде жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу және мемлекеттік сараптаманың қорытындысын алу бойынша талаптар алынып тасталды.
Осы уақытқа дейін балық өсірушілер балық шаруашылығына салынған инвестициялардың 25% – ын өтеу түрінде мемлекеттік қолдау алды, сондай-ақ балықтың үш түрі-бекіре, тұқы балық, албырт балығы бойынша қорек сатып алу кезіндегі шығыстардың 30% - ы субсидияланады.
2022 жылы субсидияланатын балық түрлерінің тізбесі жайын, лат, цихлид, сондай-ақ шаян тәрізділермен кеңейтілді.
Сондай-ақ, құқықтық акт қабылданды, онда шығыстардың 50%-ына дейінгі өтеу бойынша: балық өсіру-биологиялық негіздемелердің құнынан; балық өсіру материалын сатып алуға; бағалы балық түрлерінің толықтандыру-аналық табындарын сатып алуға және күтіп-ұстауға; дәрілік препараттарды сатып алуға субсидиялардың жаңа түрлері көзделген.