ЖОБА
2026-2028 жылдарға арналған Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының бюджетін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 85-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына, 91-бабына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1) кірістер – 5 649 658 мың теңге:
салықтық түсімдер – 3 598 394 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 32 489 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 1 000 мың теңге;
трансферттер түсімі – 2 017 775 мың теңге;
2) шығындар – 5 672 724 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 4 667 мың теңге:
бюджеттік кредиттер – 125 425 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 120 758 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0:
қаржы активтерін сатып алу – 0;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – - 27 733 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 27 733 мың теңге:
қарыздар түсімі – 325 425 мың теңге;
қарыздарды өтеу – 297 692 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 0.
1) республикалық бюджетке есепке жатқызылатын ірі кәсіпкерлік субъектілерінен түсетін түсімдерді және мұнай секторының ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, корпоративтік табыс салығы;
2) мемлекеттік кірістер органында тіркеу есебіне қою кезінде мәлімделген:
дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіпқой медиатор үшін – тұрған жері;
қалған жеке тұлғалар үшін – тұрғылықты жері аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің аумағында орналасқан жеке тұлғалар дербес салық салуға жататын кірістер бойынша жеке табыс салығын қоспағанда, жеке табыс салығы;
3) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы аудандық бюджетке төлеген және аударған, арнаулы мобильдік қосымша пайдаланылатын арнаулы салық режимін қолданатын және Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес орындаушылар болып табылатын дара кәсіпкерлердің кірістерінен алынатын жеке табыс салығы;
4) аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің аумағындағы осы салықты салу объектілері бойынша жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салықты қоспағанда, жеке және заңды тұлғалардың, дара кәсіпкерлердің мүлкіне салынатын салық;
5) бензинге (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отынына акциздер;
6) аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент аумағындағы жер учаскелерін қоспағанда, жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы;
7) қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым (жекелеген қызмет түрлерімен айналысуға арналған лицензияларды бергені үшін алым);
8) қызметтің жекелеген түрлерiмен айналысуға лицензияларды пайдаланғаны үшін төлемақы;
9) консулдық алымнан басқа, мемлекеттік баж.
1) коммуналдық меншіктен түсетін кірістер:
аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерінің басқаруындағы, ауданның коммуналдық меншігінің мүлкін жалға беруден түсетін кірістерді қоспағанда, ауданның коммуналдық меншігінің мүлкін жалға беруден түсетін кірістер;
аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің басқаруындағы мемлекеттік мүлікті жалға беруден түсетін кірістерді қоспағанда, аудандық (облыстық маңызы бар қала) коммуналдық меншіктегі тұрғын үй қорынан тұрғынжайларды жалға беруден түсетін кірістер;
ауданның коммуналдық меншігінен түсетін басқа да кірістер;
2) жергілікті бюджетке түсетін басқа да салықтық емес түсімдер.
1) аудандық бюджеттен қаржыландырылатын, мемлекеттік мекемелерге бекітіп берілген мемлекеттік мүлікті сатудан түсетін ақша.
Облыстық бюджеттен көрсетілген нысаналы трансферттерді бөлу «2026-2028 жылдарға арналған Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының бюджетін бекіту туралы» Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихатының шешімін іске асыру туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің қаулысымен айқындалады.
|
|