2026 – 2028 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының аудан бюджеті шығыстарына бюджеттік шолу жүргізу қорытындылары бойынша ҚОРЫТЫНДЫЛАР МЕН ҰСЫНЫМДАР

2026 – 2028 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының аудан бюджеті шығыстарына бюджеттік шолу жүргізу қорытындылары бойынша

ҚОРЫТЫНДЫЛАР МЕН ҰСЫНЫМДАР

  1. Кіріспе

Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 74-бабына және Ұлттық экономика министрінің м.а. 2025 жылғы 23 мамырдағы № 33 бұйрығымен бекітілген Шығыстарға шолу жүргізу қағидаларына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің экономика және қаржы басқармасы 2026 – 2028 жылдарға арналған шығыстарға бюджеттік шолу жүргізді.

Негізгі міндет – бюджеттік бағдарламалардың тиімділігі мен нәтижелілігін арттыру, бюджет шығындарын оңтайландыру және бюджет саясатының тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін қажетті шартсыз базалық шығыстардың (бұдан әрі – ШБШ) нақты деңгейін айқындау.

  1. Шолудың мақсаты мен міндеттері

Шолудың мақсаты мемлекеттік функциялардың үздіксіздігін, фискалдық тұрақтылықты және экономикалық орындылықты қамтамасыз етуді ескере отырып, ШБШ-ның теңгерімді көлемін әзірлеу болып табылады.

Міндеттеріне мыналар кіреді:

- Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері (бұдан әрі – ББӘ) шығыстарының ШБШ-ның негізделген лимиттерін белгілеу;

- шығыстардың артық немесе қайталанатын баптарын алып тастау;

- шығыстардың баламалы сценарийлерін салыстыру;

- бюджеттің тұрақтылығын сақтау.

  1. Әдіснама және дерек көздері

Шолуға 2022 – 2024 жылдардағы бюджеттің атқарылуы туралы деректер,                   2025 жылғы түзетілген бюджет, сондай-ақ 2026 – 2028 жылдарға арналған ББӘ ұсыныстары енгізілген. ШБШ есептік деңгейі формула бойынша соңғы үш жылдағы және ағымдағы жоспарлы жылдағы шығыстардың орташа мәні ретінде айқындалған.

  1. Негізгі параметрлер

ББӘ-ның алдыңғы үш есепті кезеңінде аудандық бюджеттен 28,6 млрд. теңге бөлінді (2022 жылы – 10,7 млрд. теңге, 2023 жылы – 6,8 млрд. теңге, 2024 жылы – 11,1 млрд. теңге), оның ішінде ШБШ – 23,5 млрд. теңге (2022 жылы – 8,3 млрд. теңге, 2023 жылы – 5,6 млрд. теңге, 2024 жылы – 9,6 млрд. теңге).

2025 жылға арналған түзетілген аудандық бюджетте ББӘ қызметін қамтамасыз етуге 10,4 млрд. теңге, оның ішінде ШБШ 7,2 млрд. теңге көзделген.

2026 жылға арналған шығыстар лимиттерін қалыптастыру аясында ББӘ   4,4 млрд.теңге сомаға бюджеттік сұранымдар ұсынды, оның ішінде ШБШ – 4,3 млрд. теңге.

  1. Ықтимал нұсқаларды талдау

2026 – 2028 жылдарға арналған ШБШ лимитін белгілеу бойынша негізделген шешім қабылдау үшін үш нұсқа қаралды, олардың әрқайсысы ағымдағы макроэкономикалық жағдайда фискалдық жүктеме, орнықтылық және жол беру деңгейімен ерекшеленеді.

1-нұсқа: ББӘ бюджеттік сұранымдарына сәйкес, оның ішінде:

2026 жылға – 4,4 млрд. теңге, оның ішінде ШБШ – 4,3 млрд. теңге.

Оң жақтары: барлық мәлімделген шығыстарды толық қамтамасыз ету, проблемалық мәселелерді біржолғы шешу.

Теріс жақтары: шығыстардың негізсіз өсу тәуекелдері (ағымдағы әкімшілік шығыстар); ББӘ тәртібінің нашарлауы; ЖСҚ-ға, іссапарларға және басқаларға игерілмеу және негізсіз шығыстар тәуекелдері.

Қорытынды: экономикалық тұрғыдан орынсыз сценарий. Тиімділік, нәтижеге бағдарлану және негізділік принциптеріне қайшы келеді.

2-нұсқа: Есептік ШБШ – 4,3 млрд теңге.

Есептік ШБШ соның шеңберінде мемлекеттік органдардың мақсаттарына сапалы қол жеткізу үшін мемлекеттік функцияларды орындауға болатын ШБШ лимиттері шекарасының шегін айқындаудың үлгілік бағдары болуы мүмкін.

Алайда шығыстар бағыттарының едәуір көлемі объективті себептерге байланысты есептік ШБШ бойынша айқындалуға жатпайды.

Теріс жақтары: еңбекақы төлеуді арттыру есепке алынбайды; индекстеудің және АЕК өсуінің жоқтығы (іссапар, коммуналдық қызметтер, байланыс қызметтері, тамақтану, мемлекеттің міндеттемелерінің тарифтері мен құнының жыл сайынғы өсуіне байланысты өзге де қызметтер), әлеуметтік шиеленістің жоғары тәуекелі; базалық мемлекеттік қызметтер көрсетудегі ықтимал іркілістер; экономикалық және әлеуметтік саланы жаңғырту бойынша ағымдағы басымдықтарға және қызмет көрсету сапасына қарама-қайшылықтар.

Қорытынды: барлық шығыстар бойынша есептеудің осы нұсқасын қолдануды орынсыз деп санаймыз.

3-нұсқа: шығыстарды ұлғайту бойынша негізделген ұсыныстарды немесе бағалау қорытындылары бойынша оңтайландырылған шығыстарды, шығыстардың басымдылығын ескере отырып, өткен кезеңдегі шығыстарды талдау жолымен бюджетті шолу қорытындылары бойынша неғұрлым оңтайлы.

Ұсынылған тәсілдер мен шығыстарды талдауды ескере отырып,     2026 – 2028 жылдарға арналған облыстық бюджет лимиттері былайша айқындалды:

2026 жылға – 4,4 млрд. теңге, оның ішінде ШБШ – 4,3 млрд. теңге;

2027 жылға – 5,1 млрд. теңге, оның ішінде ШБШ – 4,9 млрд. теңге;

2028 жылға – 5,8 млрд. теңге, оның ішінде ШБШ – 5,6 млрд. теңге.

Бұл шығыстар олардың ұлғаюы мен индекстеуді ескере отырып мемлекеттің бұрын қабылданған міндеттемелерін (оның ішінде әлеуметтік сипаттағы) сақтауды көздейді.

Оң жақтары: тұрақты шығыстар бойынша индекстеуді есепке алу; шектеулі мүмкіндіктер кезінде бюджеттің тұрақтылығы; орта мерзімді бюджеттік жоспарлау.

Қорытынды: шынайы, теңгерімделген және басқарылатын нұсқа. Мемлекеттік сектордың үздіксіз қызметін қамтамасыз етуге, стратегиялық міндеттерді орындауға және бюджеттің тұрақтылығын сақтауға мүмкіндік береді.

Ұсыным: жүргізілген талдауды негізге ала отырып, 2026 – 2028 жылдарға арналған аудандық бюджет жобасын қалыптастыру процесінде шығыстарды шолудың үшінші нұсқасын ағымдағы мүмкіндіктерге де, орнықты даму міндеттеріне де жауап беретін оңтайлы және жауапты бюджеттік шешім ретінде пайдалану.

 

Дата публикации
09 декабря 2025