Абайлаңыз алаяқтар!

Абайлаңыз алаяқтар!

2025 жылғы 25 қарашада интернет-алаяқтықтың түрлері және одан қорғану тәсілдеріне арналған әңгіме өткізілді. Спикер ретінде басшының орынбасары Дюсекеев Б.Т. сөз сөйлеп, бөлім қызметкерлеріне алаяқтардың құрбаны болмау үшін қандай қауіпсіздік шараларын сақтау қажеттігін түсіндірді.Кездесу барысында ол телефон қоңыраулары, жалған сайттар мен фишингтік хабарламаларға негізделген, жеке деректер мен қаржылық ақпаратты иемденуге бағытталған жиі кездесетін алаяқтық схемалары туралы хабардар етті. Қатысушылар күмәнді хабарламаларды қалай анықтауға болатынын, алаяқтардың құрбандары жіберетін жиі қателіктерді, сондай-ақ алдаудың алдын алуға көмектесетін сақтық шараларын талқылады. Әңгіме қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға интернеттегі және белгісіз адамдармен байланыс кезіндегі қауіпсіз жүріс-тұрыс бойынша ұсыныстар мен жадынамалар жазылған брошюралар таратылды.

Негізгі қорғаныс – мұқият болу, ақпараттың растығын тексеру және олардың қаншалықты сенімді сөйлегеніне қарамастан жеке деректерді бөгде адамдарға бермеу.

Сақ болыңыздар!

Дата публикации
26 ноября 2025