Салық салу объектілерінің Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның елді мекендерінде орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерін бекіту туралы

 

ҚАУЛЫ ЖОБАСЫ

 Салық салу объектілерінің Солтүстік Қазақстан облысы  Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның елді мекендерінде орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерін бекіту туралы

 

Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Кодексінің 529-бабы 6-тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 37-бабы                         7-тармағына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның елді мекендерінде салық салу объектілерінің орналасқан жерін ескеретін аймақтарға бөлу коэффициенттері бекітілсін.
  2. Осы қаулының орындалуын бақылау осы салаға жетекшілік ететін Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің орынбасары жүктелсін
  3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Аудан әкімі

                                      

Р. Аңбаев

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
14 октября 2025