ҚАУЛЫ ЖОБАСЫ
Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің 2022 жылғы 13 мамырдағы № 114 «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережені:
15 тармақтың 16) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«16) аудандық бюджеттің атқарылуы бойынша есептілікті жасау және қаржы басқармасына, аудан әкімдігіне, облыстың тексеру комиссиясына есептер ұсыну;»;
15 тармақтың40)тармақшасыалынып тасталсын;
15 тармақтың 42) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«42) «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген жағдайларда аудандық коммуналдық мүлікті бағалау бойынша «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес конкурс ұйымдастыру және өткізу;»;
15 тармақтың 43) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«43) «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген жағдайларда аудандық коммуналдық мүлікке бағалау жүргізу жөніндегі конкурстың жеңімпазымен шарттар жасасу;»;
15 тармақтың 53) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«53) «Орталықтандырылған мемлекеттік сатып алуды мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушылар жүзеге асыратын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 28 тамыздағы № 589 бұйрығымен бекітілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі бойынша орталықтандырылған мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35003 болып тіркелген);».
Аудан әкімі Р. Аңбаев