Ақпарат Дипломмен ауылға
«Жобасын іске асыру туралы!»
Ауылдық жерлердегі мамандарды ынталандыру мақсатында 2009 жылдан бастап «Дипломмен ауылға!».
Осы жобаны іске асырудың нақты мақсаты ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну болып табылады
Жоба шеңберінде мемлекет кешегі түлектерге 100 АЕК немесе 393 200 теңге мөлшерінде көтерме жәрдемақы төлеу түрінде тиісті әлеуметтік қолдаумен ауылдық жерлерде жұмыс ұсынады, сондай-ақ аудан орталығында 2500-АЕК немесе 9 830 000 теңгеден аспайтын сомада тұрғын үй сатып алуға жеңілдікті кредит ресімдеу мүмкіндігі, 2000-АЕК немесе ауылдық жерде 7 864 000.
Мамандарға тұрғын үй сатып алуға арналған бюджеттік кредит он бес жыл мерзімге беріледі, кредит бойынша сыйақы мөлшерлемесі кредит сомасынан жылдық 0,01% мөлшерінде белгіленеді. Кредит алған сәттен бастап ауыл ұйымында мамандығы бойынша кемінде 3 жыл жұмыс істеу шарты
Түлектер мен жас мамандарға қосымша ақпарат алу үшін аудан әкімдігіне немесе 21-0-44 нөмірі бойынша бас маман А. А. Терентьеваға хабарласуға болады.