2025-2027 жылдарға арналған
Ғабит Мүсірепов атындағы
ауданының бюджетін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 85-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына, 91-бабына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1) кірістер – 8 884 062,9 мың теңге:
салықтық түсімдер – 2 379 851 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 27 923 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 51 862 мың теңге;
трансферттер түсімі – 6 424 426,9 мың теңге;
2) шығындар – 9 258 604,8 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 21 857 мың теңге:
бюджеттік кредиттер – 121 892 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 100 035 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0:
қаржы активтерін сатып алу – 0;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – - 396 398,9 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 396 398,9 мың теңге:
қарыздар түсімі – 521 892 мың теңге;
қарыздарды өтеу – 176 668 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 51 174,9 мың теңге.
1) бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкілетті органмен бірлесіп мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкілетті орган бекітетін тізбе бойынша ірі кәсіпкерлік субъектілерінен түсетін түсімдерді және мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, келіп түскен салықтық аударымдардың кемінде елу пайызы мөлшерінде облыстық мәслихат белгілеген кірістерді бөлу нормативтері бойынша корпоративтік табыс салығы;
2) облыстық мәслихат белгілеген кірістерді бөлу нормативтері бойынша әлеуметтік салық;
3) аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің аумағындағы осы салықты салу объектілері бойынша жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салықты қоспағанда, жеке және заңды тұлғалардың, дара кәсіпкерлердің мүлкіне салынатын салық;
4) бензинге (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отынына акциздер;
5) аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент аумағындағы жер учаскелерін қоспағанда, жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы;
6) қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым (жекелеген қызмет түрлерімен айналысуға арналған лицензияларды бергені үшін алым);
7) қызметтің жекелеген түрлерiмен айналысуға лицензияларды пайдаланғаны үшін төлемақы;
8) республикалық бюджет есебіне жазылатын консулдық алымнан және мемлекеттік баждардан басқа, мемлекеттік баж.
1) коммуналдық меншіктен түсетін кірістер:
аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерінің басқаруындағы, ауданның коммуналдық меншігінің мүлкін жалға беруден түсетін кірістерді қоспағанда, ауданның коммуналдық меншігінің мүлкін жалға беруден түсетін кірістер;
ауданның коммуналдық меншігінен түсетін басқа да кірістер;
2) жергілікті бюджетке түсетін басқа да салықтық емес түсімдер.
1) аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттен қаржыландырылатын, мемлекеттік мекемелерге бекітіп берілген мемлекеттік мүлікті сатудан түсетін ақша.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан көрсетілген нысаналы трансферттерді бөлу «2025-2027 жылдарға арналған Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының бюджетін бекіту туралы» Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихатының шешімін іске асыру туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің қаулысымен айқындалады.
Республикалық бюджеттен көрсетілген нысаналы трансферттерді бөлу «2025-2027 жылдарға арналғанҒабит Мүсірепов атындағы ауданының бюджетін бекіту туралы» Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихатының шешімін іске асыру туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің қаулысымен айқындалады.
Облыстық бюджеттен көрсетілген нысаналы трансферттерді бөлу «2025-2027 жылдарға арналған Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының бюджетін бекіту туралы» Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихатының шешімін іске асыру туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің қаулысымен айқындалады.
1) Ғабит Мүсірепов атындағы аудандық мәслихаттың 2024 жылғы 26 желтоқсандағы № 24-2 «Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның 2025-2027 жылдарға арналған бюджетін бекіту туралы» шешімі;
2) Ғабит Мүсірепов атындағы аудандық мәслихаттың 2025 жылғы 14 наурыздағы № 27-1 «Ғабит Мүсірепов атындағы аудандық мәслихаттың 2024 жылғы 26 желтоқсандағы № 24-2 «2025-2027 жылдарға арналған Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімі.
|
|