Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 12-1 «2024-2026 жылдарға арналған Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

 

Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының

2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 12-1 «2024-2026 жылдарға

арналған Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының бюджетін

бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

 

Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 12-1 «2024-2026 жылдарға арналған Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының бюджетін бекіту туралы» шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. 2024-2026 жылдарға арналған Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының бюджеті осы шешімге тиісінше 1, 2, 3, 4, 5  және  6-қосымшаларға  сәйкес, соның ішінде 2024 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 8 783 718,8 мың теңге:

салықтық түсімдер – 2 414 901,1 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 57 594 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 457 017 мың теңге;

трансферттер түсімі  – 5 854 206,7 мың теңге;

2) шығындар – 8 567 794,4 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 63 264 мың теңге:

бюджеттік кредиттер – 155 064 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 91 800 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0:

қаржы активтерін сатып алу – 0;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0;

5) бюджет тапшылығы (профициті) –  152 660,4 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –                  - 152 660,4 мың теңге:

қарыздар түсімі – 355 064 мың теңге;

қарыздарды өтеу – 574 598 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 66 873,6 мың теңге.»;

көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы  осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы шешім 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

 

 

Солтүстіқ Қазақстан облысы

    Ғабита Мүсірепов атындағы ауданы

              мәсліхатының төрағасы                                     С. Баумағанбетов

шешім
Дата публикации
21 июня 2024