ЖОБА 2023-2025 жылдарға арналған
Ғабит Мүсірепов атындағы
ауданының бюджетін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 9, 75-баптарына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
1) кірістер – 4 601 216 мың теңге:
салықтық түсімдер – 2 067 372 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 64 990 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 384 651 мың теңге;
трансферттер түсімі – 2 084 203 мың теңге;
2) шығындар – 4 586 748 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 36 908 мың теңге:
бюджеттік кредиттер – 129 375 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 92 467 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0:
қаржы активтерін сатып алу – 0;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – - 22 440 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 22 440 мың теңге:
қарыздар түсімі – 493 558 мың теңге;
қарыздарды өтеу – 471 118 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 0.
1) бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкілетті органмен бірлесіп мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкілетті орган бекітетін тізбе бойынша ірі кәсіпкерлік субъектілерінен түсетін түсімдерді және мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, келіп түскен салықтық аударымдардың кемінде елу пайызы мөлшерінде облыстық мәслихат белгілеген кірістерді бөлу нормативтері бойынша корпоративтік табыс салығы;
2) облыстық мәслихатпен белгіленген кірістерді бөлу нормативтеріне сәйкес әлеуметтік салық;
3) аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің аумағындағы осы салықты салу объектілері бойынша жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салықты қоспағанда, жеке және заңды тұлғалардың, дара кәсіпкерлердің мүлкіне салынатын салық;
4) бензинге (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отынына акциздер;
5) аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент аумағындағы жер учаскелерін қоспағанда, жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы;
6) қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым (жекелеген қызмет түрлерімен айналысуға арналған лицензияларды бергені үшін алым);
7) қызметтің жекелеген түрлерiмен айналысуға лицензияларды пайдаланғаны үшін төлемақы;
8) республикалық бюджет есебіне жазылатын консулдық алымнан және мемлекеттік баждардан басқа, мемлекеттік баж.
1) коммуналдық меншіктен түсетін кірістер:
аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерінің басқаруындағы, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) коммуналдық меншігінің мүлкін жалға беруден түсетін кірістерді қоспағанда, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) коммуналдық меншігінің мүлкін жалға беруден түсетін кірістер;
жеке тұлғаларға жергілікті бюджеттен берілген бюджеттік кредиттер бойынша сыйақылар;
2) жергілікті бюджетке түсетін басқа да салықтық емес түсімдер.
1) аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттен қаржыландырылатын, мемлекеттік мекемелерге бекітіп берілген мемлекеттік мүлікті сатудан түсетін ақша.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан көрсетілген нысаналы трансферттерді бөлу «2023-2025 жылдарға арналған Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының бюджетін бекіту туралы» Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихатының шешімін іске асыру туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің қаулысымен айқындалады.
Облыстық бюджеттен көрсетілген нысаналы трансферттерді бөлу «2023-2025 жылдарға арналған Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының бюджетін бекіту туралы» Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихатының шешімін іске асыру туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің қаулысымен айқындалады.
|
|