«2023 жылы Ғабит Мүсірепов атындағы
ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін
әлеуметтік қолдау ұсыну туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов аудандық мәслихаты шешімінің жобасына
түсіндірме жазба
Шешім жобасы «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 18 бабы 8 тармағына, «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін айқындау туралы», Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына, «Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеужәне тұру үшін келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 бұйрығына сәйкес, Ғабит Мүсірепов атындағы аудандық мәслихатына қарастыруға енгізіледі.
Шешім жобасы денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына, ауылдық елді мекендерде жұмыс істеуге және тұруға келген ауылдық округ әкімдерінің мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну жөніндегі жұмысты ұйымдастыру мақсатында бекітіледі.
Күтілетін нәтиже: әлеуметтік саладағы, агроөнеркәсіптік кешендегі мамандарды және ауылдық елді мекендердегі мемлекеттік қызметшілерді бекіту, бұл ауыл тұрғындарының денсаулығын нығайтуда, оның сауаттылығы мен мәдениетін арттыруда, қала мен ауыл арасында қалыптасқан сәйкессіздіктерді теңестіруде ауыл тұрғындарына қызмет көрсетуді жақсартады және мультипликативті нәтиже береді.
Экономика және қаржы
бөлімінң басшысы А. Елжанова