Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан аумағындағы азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі

Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан аумағындағы азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі

 

  1. Әлеуметтік қамтамасыз ету саласындағы мамандарының лауазымдары:

      1) аудандық маңызы бар ұйымның құрылымдық бөлімшесі болып табылатын үйде қызмет көрсету бөлімшесінің меңгерушісі;

      2) әлеуметтік жұмыс бойынша кеңесші - біліктілігі жоғары, орта деңгейдегі бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар;

      3) арнайы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті анықтау және бағалау бойынша әлеуметтік қызметкер  біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар;

      4) қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер - біліктілігі жоғары, орташа деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар;

      5) психоневрологиялық аурулары бар мүгедектігі бар балалар мен 18 жастан асқан мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер - біліктілігі жоғары, орташа деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар;

      6) жұмыспен қамту орталығының (қызметінің) құрылымдық бөлімшесінің маманы, біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты, санаты жоқ мамандар;

      7) ауданның жұмыспен қамту орталығының басшысы;

      8) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысының орынбасары;

      9) жұмыспен қамту орталығының ассистенті.

 

  1. Мәдениет саласындағы мамандарының лауазымдары:

      1) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы;

      2) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның әдістемелік кабинетінің меңгерушісі (басшысы);

      3) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын кітапханасының меңгерушісі (басшысы);

      4) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме мен мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның көркемдік-қойылым бөлімінің меңгерушісі (басшысы);

      5) барлық атаулардың ( негізгі қызметтердің) әдіскерлері - біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты, санаты жоқ мамандар;

      6) библиограф-біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты, санаты жоқ мамандар;

      7) кітапханашы - біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты, санаты жоқ мамандар;

      8) редактор (негізгі қызметтер) - біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты, санаты жоқ мамандар;

      9) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның көркемдік басшысы;

      10) барлық атаудағы суретшілер (негізгі қызметтер) - біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты, санаты жоқ мамандар;

      11) музыкалық жетекші - біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты, санаты жоқ мамандар;

      12) мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызмет) - біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты, санаты жоқ мамандар;

      13) хореограф - біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі санаты жоқ мамандар;

      14) кинорежиссер - біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты, санаты жоқ мамандар;

      15) аккомпаниатор - біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты, санаты жоқ мамандар;

      16) хормейстер – біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты, санаты жоқ мамандар;

      17) барлық атаудағы әртіс - біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты, санаты жоқ мамандар.

 

Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан аумағындағы азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі
Дата публикации
06 мая 2024