«Дипломмен ауылға!»
бағдарламасы туралы ақпарат
«Дипломмен ауылға!» бағдарламасын іске асыру мақсатында, Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның экономика және қаржы бөлімінің бас маманы Әліби Мирсалимұлы Мирхамидов Ғабит Мүсірепов ауданының ауылдық жерлеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік сала мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын көрсету туралы ақпараттық түсіндіру жұмысын өткізді.
Жалпы, ағымдағы жылдың сәуір айында. әлеуметтік саланың 30-дан астам маманына «Дипломмен ауылға!» бағдарламасын бойынша түсініктеме берілді.