2026 жылғы 3-тоқсандағы «Дипломмен ауылға!» жобасы шеңберінде көрсетілетін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ТАЛДАМАЛЫҚ АҚПАРАТ

 2026 жылғы 3-тоқсандағы «Дипломмен ауылға!» жобасы шеңберінде көрсетілетін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ТАЛДАМАЛЫҚ АҚПАРАТ

 Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес, «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен салаларындағы мамандарға, сондай-ақ ауылдарға, кенттерге, ауылдық округтерге әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келгендерге әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну» мемлекеттік қызметін көрсетеді. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет электрондық үкімет порталы және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы баламалы негізде көрсетіледі.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 2023 жылғы 28 наурыздағы № 93 бұйрығына сәйкес, «Дипломмен ауылға!» бағдарламасы бойынша «Отбасы банк» АҚ (бұдан әрі – Банк) сенім білдірілген агент болып айқындалғанын хабарлаймыз.

Осыған байланысты мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Отбасы банк» АҚ порталы арқылы іске асырылады, яғни мемлекеттік көрсетілетін қызметтер автоматтандырылған.

2026 жылдың 3-тоқсанында экономика және қаржы бөлімімен 26 мемлекеттік қызмет көрсетілді (барлық қызметтер «Отбасы банк» АҚ порталы арқылы онлайн форматта көрсетілді).

2026 жылдың 3-тоқсанында уәжді бас тартулар болған жоқ.

Халыққа мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша қолжетімділікті қамтамасыз ету және ақпараттандыру мақсатында мемлекеттік мекеме ғимаратында көрнекі ақпараттар орналастырылған ақпараттық стенд бар.

Сондай-ақ ақпарат бөлімнің Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында және ресми интернет-ресурсында орналастырылады:

 

https://www.facebook.com/share/p/1Ez1x2z7U8/

https://www.gov.kz/memleket/entities/finance-musrepov/documents/details/1072849?lang=ru

   

 

Дата публикации
08 октября 2026