«Дипломмен ауылға!» бағдарламасына қатысу қағидалары туралы ақпарат
Өтінімдер «Баспа Маркет» арқылы беріледі.
жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
білімі туралы диплом немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
қызмет алушының еңбек қызметін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
екінші деңгейдегі басқа банкте ашылған жеке шот туралы анықтама.
-жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
-білімі туралы диплом немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
-қызмет алушының еңбек қызметін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
-некеде тұрған қызмет алушылар үшін неке қию туралы куәлік немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
-балалары бар қызмет алушылар үшін баланың/балалардың туу туралы куәлігі немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
-қызмет алушының, оның жұбайының (зайыбының) және балаларының тиісті елді мекендегі жылжымайтын мүлігінің бар-жоғы туралы анықтама (сәйкестендіру үшін);
-Кредиттік бюродан алынған есеп.
-жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
-білімі туралы диплом немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
-қызмет алушының еңбек қызметін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
-некеде тұрған қызмет алушылар үшін неке қию туралы куәлік немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
-балалары бар қызмет алушылар үшін балалардың туу туралы куәлігі немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
-қызмет алушының, оның жұбайының (зайыбының) және балаларының тиісті елді мекендегі жылжымайтын мүлігінің бар-жоғы туралы анықтама (сәйкестендіру үшін);
-қызмет алушының атына тұрғын үй салу үшін берілген жер учаскесін пайдалану құқығы туралы анықтама (сәйкестендіру үшін);
-Кредиттік бюродан алынған есеп.
Әлеуметтік қолдау шаралары мынадай қызмет алушыларға көрсетіледі:
-бұрын берілген кредиттер бойынша өтелмеген мерзімі өткен берешегі жоқ (осы Қағидалардың 10-тармағында көрсетілген құжаттарды қарау кезінде), сондай-ақ соңғы 2 (екі) жыл ішінде бір кредит бойынша 90 (тоқсан) күннен астам үздіксіз мерзімі өткен берешегі жоқ;
-өтініш берген сәтте сұранысқа ие мамандықтар тізбесіне сәйкес келетін мамандықтар бойынша жұмыс істейтін;
-маманның, оның жұбайының (зайыбының) және балаларының өтініш берген күннен бастап соңғы екі жыл ішінде келген маман жұмыс істейтін елді мекен орналасқан ауданның (облыстық маңызы бар қаланың, аудандық маңызы бар қаланың) аумағында меншік құқығында тұрғын үйі жоқ.
Сондай-ақ, «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабына сәйкес
-ауылдық елді мекенге жұмыс істеу үшін келген маманға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мерзімі оның келген (тіркелген) күнінен бастап үш жылға дейінгі мерзімді құрайды. Үш жылдық мерзім аяқталғаннан кейін әлеуметтік қолдау алуға құқық тоқтатылады.