Ғабит Мүсірепов атындағы аудандық мәслихаттың «Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының 2025 жылғы 19 желтоқсандағы № 35-2 «2026 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау ұсыну туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімінің жобасына пресс-релиз
Ғабит Мүсірепов атындағы аудандық мәслихаттың «Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының 2025 жылғы 19 желтоқсандағы № 35-2 «2026 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау ұсыну туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімінің жобасы;
Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының шешім жобасы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының әлеуметтік маңызы бар салаларында жұмыс істеуге келген Қазақстан Республикасы азаматтарының құқығын іске асыруға бағытталады.
Шешім жобасын әзірлеу мақсаты- денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, архив ісі, мәдениет, спорт, цифрлық технологиялар, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну.
Шешім жобасы «Электорондық Үкімет» порталының ашық «НҚА бөліміне» орналастырылды https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15903797 .
ЖОБА
Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының 2025 жылғы 19 желтоқсандағы № 35-2 «2026 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау ұсыну туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
көрсетілген шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«2026 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген немесе оқудан оралған денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, архив ісі, мәдениет, спорт, цифрлық технологиялар, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау ұсыну туралы»;
көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2026 жылы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген немесе оқудан оралған денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, архив ісі, мәдениет, спорт, цифрлық технологиялық, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 52-бабының 5-тармағында көзделген шектеулерді ескере отырып:
1) көтерме жәрдемақы жүз еселенген айлық есептік көрсеткішке тең сомада;
2) тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау – бюджеттік кредит:
ауданның әкімшілік орталығы болып табылатын ауылдық елді мекендерге келген мамандар үшін айлық есептік көрсеткіштің екі мың бес жүз еселенген мөлшерінен аспайтын сомада;
ауылдық елді мекендерге келген мамандар үшін айлық есептік көрсеткіштің екі мың еселенген мөлшерінен аспайтын сомада ұсынылсын.
Ауылдық елді мекенге жұмыс істеуге келген маманға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мерзімі ол келген (тіркелген) кезден бастап үш жылға дейінгі ұзақтықпен белгіленеді. Үш жылдық мерзім аяқталған соң әлеуметтік қолдау алу құқығы жойылады.»;