Коммуналдық меншік туралы ақпарат
Коммуналдық меншікті басқару саласында Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның экономика және қаржы бөлімі коммуналдық мүлік объектілерін тиімді пайдалануды сақтауды және есепке алуды қамтамасыз етуге сондай-ақ Мемлекеттік активтерге билік ету кезінде ашықтық пен заңдылық қағидаттарын сақтауға бағытталған жүйелі жұмыс жүргізуде
Коммуналдық меншік объектілерін жекешелендіру бойынша жұмыс ашық және бәсекелестік негізде жүзеге асырылады Жекешелендіруге және аукцион арқылы өткізуге жататын объектілердің тізбесі Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің қаулыларымен бекітіледі Жекешелендіру объектілерін сату Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 қаулысымен бекітілген Жекешелендіру объектілерін сату қағидаларына сәйкес жүргізіледі
2026 жылдың басынан бастап мемлекеттік мүлікті жекешелендіру бойынша жалпы сомасы 467 мың теңгеге 1 сатып алусату шарты жасалды
Коммуналдық меншік объектілерін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 212 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларына қатаң сәйкес жүзеге асырылады Барлық жалдау шарттары жалдау ақысының есебін қоса бере отырып, заңнамада белгіленген тәртіппен ресімделеді бұл рәсімдердің ашықтығын қамтамасыз етеді және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алуға ықпал етеді
2026 жылдың басынан бастап коммуналдық меншік объектілерін жалға алудың 15 шарты оның ішінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес нөлдік мөлшерлеме бойынша 8 шарт жасалды Иесіз мүлікті анықтау есепке алу және ресімдеу мәселелеріне ерекше назар аударылады
Экономика және қаржы бөлімі жылжымайтын мүліктің иесіз объектілерін есепке қою бойынша жұмыс жүргізуде Заңнамада белгіленген мерзім өткеннен кейін сот органдарына Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес мүлікті коммуналдық меншікке түсті деп тану туралы өтініш жіберіледі
Бұдан басқа мемлекеттік мүлікті пайдалану тиімділігін арттыру мақсатында коммуналдық меншік объектілерін сенімгерлік басқаруға беру жөніндегі жұмыс жүзеге асырылады Объектілерді беру Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 17 қаулысымен бекітілген мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру қағидаларына және мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқарудың үлгілік шартына сәйкес электрондық тендерлер арқылы конкурстық негізде жүргізіледі Сенімгерлік басқаруға беруге жататын объектілердің тізбесі Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің қаулыларымен бекітіледі
Конкурстық рәсімдердің қорытындысы бойынша баланс ұстаушылар мен сенімгерлік басқарушылар арасында 3 жылдан 5 жылға дейінгі мерзімге сенімгерлік басқару шарттары жасалады бұл коммуналдық мүлікті тиімді пайдалануға, оның кірістілігін арттыруға және қабылданатын шешімдердің ашықтығын қамтамасыз етуге ықпал етеді